Айыртау – Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентінің оңтүстік-батысында 27 км жерде.
Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке 5 км-ге созылып жатыр. Ені 3-4 км. Ең биік жері 836 м. Оқшауланған тау массивінен тұрады.
Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің теменгі және ортаңғы бөлігінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортандау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, тобылғы, арша өседі. Баурайы мал жайылымдық.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары