Айрантақыр мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Жетібай кентінен солтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан. 20 ғасырдың 60-жылдары аумақтық геология-геофизикалық зерттеу нәтижесінде барланып, кен орны 1989 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы Тектоникалық тұрғыдан кен сыйыстырушы құрылым амплитудасы 30 м, бұрғыланған жыныстардың қалыңдығы 2700 м. Өнімді қабат орта юраның аален ярусына 2429 – 2449 м тереңдікте, мұнай иірімі қабаттық, мұнай су жапсары 2279 м-лік белгіде жатыр. Коллектор құмтастардан құралған ашық, ашық кеуектілігі 16%, өткізгіштігі 0,021 мкм2, Иірім қалыңдығы 50 м-дей, сазды жыныстармен бүркелген. Коллектордың жалпы қалыңдығы 20,4 м, тиімді және мұнайға қаныққан қабаты 7,4 м. Температурасы 99°С, бастапқы қабаттық қысымы 27,48 МПа.
Құрамы Мұнайы жеңіл, тығыздығы 850 кг/м3, күкірті аз (0,08%), парафинділігі жоғары (18,5%), 1,7% асфальтен және 9,8% силикагелді шайыры бар. Мұнай құрамындағы еріген газдар ауыр, этанды. Кен 1991 жылдан бері игерілуде.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Маңғыстау облысы кен орындары