Қарағанды – Ұлы Жыланшық алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді.
Бастауы Бастауын Кішітау тауларының батысындағы Қарағандысай қонысындағы бұлақтардан алып, Қосшоқы тауының батысында Шағырлы өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 43 км. Жаз айларында ағыны тоқтап, қарасуларға бөлініп қалады. Негізінен қар, жер асты суларымен толығады.
Өсімдігі Алабында құрғақ далаға тән бетеге, көкпек, жусан, баялыш, т.б. шөптесіндер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы