Қаптыадыр – Сырдарияның батыс бөлігіндегі қырқалы таулар.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданында Арғанаты тауларының қиыр солтүстігінде орналасқан. Бала Терісаққан және Терісаққан өзендерінің суайрығы.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 525 м (Қосаяқ тауы). Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 30 км шамасында созылып жатыр, ені 15-18 км. Беткейлерінде (Мыңбұлақ тауының етегінде) бұлақтар және шайынды жыралар көптеп кездеседі.

Геологиялық құрылымы Қаптыадыр палеозойға дейінгі гранит және гнейс жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Адырлы қырқаның сұр топырағында жусан, бетеге, құмайтты жерінде тобылғы өседі. Жайылымға пайдаланылады.Қазақстан ЭнциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары