Қалқан – Іле аңғарының бойындағы құмды алқап. Үлкен Қалқан тауының шығысында 22 км жерде орналасқан.

Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы жерінде.

Жер бедері Ендік бойымен 37 км-ге созылған, енді жері 10 км. Төрттік кезеңнің саз, құмтастарынан түзілген. Құм төбелердің салыстырмалы биіктігі 15 – 18 м, кейде 30 м-ге дейін жетеді. Беткейлерінде шөлге тән сораң өсімдіктер өседі. Баурайы жайылым ретінде пайдаланылады.‎Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысы құмдары