Қазышбұлақсай – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 38 км.
Бастауы Бастауын Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік беткейінен алып, Іле өзеніне 10-12 км жетпей жерге сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Жоғарғы арнасы шатқалмен, орта бөлігі сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Төменгі арнасының жағалауы жайпақ, аңғары кең. Қар және жер асты суларымен толығады. Аңғары жайылымға және шабындыққа пайдаланыладыҚазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұйғыр ауданы өзендері Санат:Іле су алабы