Қазақ сербегі, қазақ брахантемумы () – астралылар тұқымдасы, сербек туысына жататын шала бұта. Қазақстанда Тобыл – Есіл өзендерінің аңғарларында, Бетпақдала мен Балқаштың сол түстік-шығысында ғана кездеседі. Биіктігі 5 – 15 см, сабағы өте көп, қарапайым, жоғары қарай бұтақтана өсетін өсімдік. Жапырақтары ұзын, сағағынан шығатын жерінде жалпайып келеді (ұзындығы 1 см, ені 1,3 см). Жапырақтарының тақталары жартылай шеңбер тәрізді, тек жоғaрғы жапырақтарынікі саусақ салалы 3-ке бөлінген қысқа немесе ұзын, біз сияқты үшкір болады. Гүлдерінің саны 1 – 6, сары түсті, олар тісше тәрізді тілімденіп, дара себет гүлшоғырына топталған. Тамыз – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – тұқымша, пішіні ұршық сияқты, ондағы 5 – 7 жүйкелері көзге әрең көрінеді, айдаршасы болмайды. Қазақ сеобегі таралу аймағы шектелген түр болғандықтан, Қазақстанның эндемигі болып саналады.Қазақстан Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер