Бекежан Айбекұлы (1667, Ақтөбе өңірі, Мұғалжар тауы маңы - 1730) - батыр.

«Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі. Сүрмерген садақшы, «қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі - башқұрт мырзасы Құрамыстың қызы Салиха. Одан туған Қайрақ Бекежанұлы, Байрақ Бекежанұлы, Тайлақ Бекежанұлы деген үш ұлы да танымал батырлар. Тайлақ Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасагын бастаса, Байрақ пен Қайрақ - мыңбасы болған. Бекежан батырдың дүниеден озуы жайында екі түрлі дерек бар: бірінде, 45 жасында соғыста алған жарақаттан қайтыс болды десе, екіншісінде түрікмендермен болған соғыста мерт болды делінеді. Бекежан мен оның ұлдарының қабірлері Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Шідерті өзені бойындағы Тайлақ қорымында. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Қазақ батырлары