Адуындық - адам мінезіне тән сипат, оның өзгелерге жеткізбек болған ой-пікірі, іс-әрекеті мен қарым-қатынасында өктемдік байқалатын қасиет. Адам мінезіндегі мұндай ерекшелікті халық азулылық деп те атайды. Адуындықтың екі жағы бар. Адуындық бір жағынан - істің мән-жайын білмей жатып байбалам салушылық, үстемдік пен өркөкіректікті білдіретін жағымсыз әрекет деп бағаланады. Екінші жағынан - адамның ойы мен сөзі жүйелі сезім, іс-әрекеттің ақиқаттығын білдіретін болса, сөйлеушінің айтқандарын тыңдаушы дұрыс қабылдап, әсерлейді. Пікірі мен сөзіне иланып, сөйлеушінің батылдығын сыйлап құрметтейді. Оның ісі мен әрекетіне қолдау көрсетеді. Мұндай адуындық батылдық әрекет деп саналады.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Психология