right|thumb|Абруццо провинциялары Абру́ццо (),1963 жылға дейін Абру́цци () деп аталып келген - Италиядағы облыс.Тұрғыны - 1342 мың адам(2010ж),бүкіл халықтың 2,2%-ын құрайды.Аумақ халық саны бойынша 14 орынға ие.

Физика-географиялық сипаттама thumb|left|Аппенин тауының ең биік нүктесі Гран-Сассо массивінің шыңы - Корно-Гранде

Абруццо аумағы Апеннин түбегінің орталық бөлігінде, Адрия теңізі жағалауында Рим қаласынан шамамен қашықтықта орналасқан.Жер аумағы -(Италияда 13 орынға ие),үштен екі бөлігі таулар.

Орталығы - Л'Аквила қаласы.Ірі қалалардың бірі - Адрия теңізі жағалауында орналасқан Пескара қаласы.

Абруццо облысының аумағы ландшафтардың түрлілігімен ерекшеленеді:түбектің орталық бөлігіндегі таулар,көптеген жағажайларымен Адрия теңізінің адыр-адыр жағалауы.

Тарихы Абруццо аумағы Неаполитандық хандығы мен Екi Сицилия хандығы құрамында болған.1861 жылы Италия құрамында,алдымен королдігінде, 1946 жылдан бастап республика құрамында болған.1963 жылға дейін Абруццо Молизе аумағымен Абруцци-е-Молизе аумағын құраған.

Экономикасы Абруццоның ЖІӨ-і Италияның ЖІӨ-нің 1,8% құрайды,шамамен ЖІӨ бір адамға шаққанда .Абруццода туризм жақсы дамыған. Қалаларында ежелгі Рим және ортағасырлық құрылыстар сақталған.Қыста тауларында тау шаңғылы курорттар және базалар,жазда Адрия жағалауында демалыс кең таралған.

Символикасы Абруццо туы — аумақтағы ресми символдардың бірі.1999 жылы 21 мамырда бекітілген.Ортасында қанық-қызыл ен және Абруццо елтаңбасы орналасқан.Елтаңбада 3 диагональды сызықтар - үстінде қарды бейнелейтін ақ тұс,ортасында орманды бейнелейтін жасыл түс және тауды бейнелейтін көк түс астында орналасқан.Араларының қатынасы - 2:3.

Қызықты фактілер

Абруццода 1984 жылы «Рыжая Соня» және «Леди-ястреб» киноларының түсірілімдері болды.

Сілтемелер Абруццо аудандары Абруццо туралы сайт орысша

Дереккөздер

Санат:Италия аймақтары Санат:Абруцци