Кіші Қарақуыс – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстігінде, Көктал өзенінің сол жағалауындағы тау.

Жер бедері Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 5,5 км. Ең биік жері 1327 м. Күмбез тәріздес жота тау тізбектерінен тұрады. Солтүстік беткейлері тік, жартасты, оңтүстік мен солтүстік-батысы көлбеулеу келген.

Геологиялық құрылымы Тас көмір және пермь гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында селеу, мысыққұйрық, бетеге, көде, тауаралық аңғарларда тал, терек өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары