Күреңоттар тұқымдасы () – қос жарнақты, бір не көп жылдық шөптесін, кейде шала бұта, бірақ бұта, ағаш түрінде сирек кездесетін өсімдіктер.

Күреңоттар тұқымдасының қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 20 туысы, 650-дей түрі бар. Қазақстанда күреңот, иваншай, есекшөп және цирцея туысына жататын 21 түрі өседі. Гүлдері қос жынысты, дара не масақ, шашақ не сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына топталған. Аралармен, көбелектермен, т.б. ұсақ жәндіктермен тозаңданады. Тостағаншасы түбіне дейін 2 – 4 бөлікке бөлінген, кейін гүлтұғыры түсіп қалады. Күлтесі 2 немесе 4 – 5 желекті. Аталығы тостағаншаның түбіне орналасқан. Жемісі – қорапша не жаңғақ тәрізді, кейде жеміс түрінде де кездеседі. Күреңоттар тұқымдасының кейбір түрлерінде (мыс., Америкада өсетін – Ludwіgіa repens) тіршілік ету жағдайына қарай тамыры: қоректенетін, жүзетін және тыныс алатын болып бөлінеді. Күреңоттар тұқымдасының көптеген түрлері (мыс., жіңішке жапырақты иваншай) шірнелі өсімдіктер, олардың жапырағын медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланады және кептіріп шай орнына да ішеді. Құрамы май, каротин және [ротеинге бай, сондықтан құнарлы мал азығы болып саналады. Ал екі жылдық есекшөпті хош иісті гүлдері үшін саябақтарда өсіреді, етжең тамырының құрамында 28%-ға дейін май болғандықтан құрылыста пайдаланатын олифа майы алынады.“Қазақ Энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:Күреңоттар