Көлсай – Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік беткейіндегі өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Қалжат ауылының батысынан ағады.
Гидрологиясы, бастауы Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 134 км2. Бастауын Кетпен жотасының баурайынан алып, Іле өзеніне 10 км жетпей жерге сіңіп кетеді. Көктем айларында суы тасиды. Суы егін шаруашылығына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ұйғыр ауданы өзендері Санат:Іле су алабы