Көкшетау – Қарағанды облысы Қарқаралы және Абай облысы Жаңасемей аудандарындағы таулар.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 1135 м. Таулардың пішіні күрделі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-ге созылған, енді жері оңтүстігінде 25 км. Беткейлері құлама жартасты. Көтеріңкі келген оңтүстік шатқалдарынан Құрөзек, Дағанделі, шығыс беткейінен Түлкібас, солтүстігінен Қызылащы өзендері бастау алады. Бірнеше жеке таулардан (Үлкен Айғыржал, Сораң, Суырлы, т.б.) тұрады.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы девон жүйесі тас көмір кезеңінің эффузивті кварцит, туф, порфирит жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қиыршықтасты бозғылт қоңыр, қоңыр топырағында бетеге, сұлыбас, айрауық, қоңырбас, қараған, т.б. шөптесін өсімдіктер өскен. Сай-жыралар мен тау шатқалдарына бұта аралас қайың, терек, т.б. өседі. Өзендердің барлығы дерлік жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары Санат:Қарқаралы ауданы таулары