Көкмойын – Алакөл көлінің алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км.
Бастауы Өзен бастауын Тастау тауларының шығыс беткейінен алып, Орта Тентек өзенінің оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы және орта ағыстарындағы арнасы тар, тік жарлы, төменгі ағысында арнасы кеңейеді. Мұздықтармен, жауын-шашын суларымен толығады. Желтоқсанның ортасында суы қатып, наурыз – сәуірде еріп, тасиды. Суы тұщы. Төменгі ағысы мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы