Көккөл – Түркістан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылдық округі аумағындағы көл.

Географиялық орны Түркістан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылының оңтүстік-шығысына қарай 8 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан. Пішіні таға тәрізді.

Гидрографикасы Көккөлге сыр суы көтерілген кезде жоғарғы арнасынан құйылады. Көл толғаннан соң артық сулар төменгі арнамен қайтадан дарияға құйылады. Көлдің ені 250-300 м, ұзындығы 3,5 км, тереңдігі 5 метрге дейін жетеді.

Жағалау сипаты Көл ортасындағы аралда қалың тоғай өседі. Көл суы шаруашылыққа пайдаланылады. Шәмші Қалдаяқовтың "Көккөл кештері" атты әні осы көл жағасында дүниеге келген.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы