Көкбұлақ – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Жамбыл кентінің оңтүстігінде 28 км жерде. Батыстан шығысқа қарай оқшауланған тау массивінің ұзындығы 5 км, ені 2,5 км. Абсолют биіктігі 585 м.
Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің төменгі және орта бөлімінің жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Таудың солтүстік-шығыс етегінде Көкбұлақ көлі, шығысқа қарай 6 км жерде Әлібек құдығы орналасқан.
Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, көкпек, бұталар өседі. Ақбөкеннің жазғы жайлауы.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Сыртқы сілтемелер Қарағанды облысы
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары