Кошевой – Іле Алатауының орталық бөлігіндегі Талғар – Алақыр тау сілеміндегі шың.

Географиялық орны Қазақстан (Алматы облысы Талғар ауданы) мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 4253 м.

Геологиялық құрылымы Шың протерозой мен палеозойдың граниттерінен түзілген. Кошевойдың солтүстік-шығыс етегінде Дмитриев, солтүстік-батысында Городецкий, оңтүстігінде Сапожников мұздықтары жатыр.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан шыңдары Санат:Қырғызстан шыңдары Санат:Іле Алатауы