Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров (30 наурыз 1970 жыл, Алматы — 26 наурыз 2015, Пекин, Қытай) — белгілі кәсіпкер және саясаткер, «Lancaster Group» холдингінің негізін қалаушылардың бірі. Бұрынғы Қоршаған ортаны қорғау министрі (2012-2014), «ҚазТрансОйл», «Қазақойл», «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компанияларының бұрынғы басшысы.
Өмірбаяны Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Акцепт» корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін оның президенті болды.
1997-1998 жылдары «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы», 1998-1999 жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» акционерлік қоғамдарының президенті болып жұмыс істеді.
1999-2000 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 жылы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.
2003 жылдан – «Ланкастер групп Казахстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2012-2013 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi.
2013-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрi.
2014 жылғы тамыздан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болды.
2015 жылы 26 наурызда Пекин қаласында жүрек талмасынан өмірден озды.Глава «Казатомпрома» Нурлан Каппаров скончался в Пекине Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленген.
Дереккөздер
Санат:1970 жылы туғандар Санат:2015 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан министрлері Санат:Республикалық физика-математика мектебінің түлектері