thumb|250px|Вегетариандық ас Вегетарианшылық — қандай да болсын жануардың етін тамақтануда тұтынбауды ұстанатын өмір салты. Ал вегетарианшылықтың қатал түрі - веганшылық ұстанушылары тіпті жануар өнімдерін (сүт, жұмыртқа, жүн, тері т.б.) ас қабылдауда және тұрмыста пайдаланудан бас тартады.

Терминнің шығу тегі Оксфорд сөздігіне сүйене отырып vegetarian (вегетарианшыл) термині өсімдік, көкөніс деген сөздерден шыққанын көре аламыз. Сөздікте бұл сөз 1847 жылы вегетариандық қоғам құрылғаннан кейін танымал болып кетті деп белгіленген, алайда бұл сөздің одан да бұрын пайдаланған кездер де бар екені дәлелденгенThe Oxford Dictionary of English Etymology — Oxford — 1966 — С. 972.

«Вегетарианшыл» термині бізден шықты деген вегетариандық қоғам бұл сөздің шығу тегі (тірі, жаңа, сергек) дейді ).

Жалпы мағлұматтар Вегетарианшылдар ет, құс, балық және жануарлық теңіз өнімдерін азық ретінде пайдаланбайды. Сүт өнімдері мен жұмыртқаны вегетарианшылдардың тек бір бөлігі ғана өздерінің ас мәзіріне қоспайды.

Кейбір вегетарианшылдар белгілі тамақ түрлерімен қоса басқа да өнімдерді қолданудан бас тартады. Олар: малдың терісі мен жүнінен жасалған киімдерді және басқа өнімдер; құрамына малдың компоненттері кіретін өнім. Мысалы глицерин Глицериннің шығу тегі тек қана синтетикалық емес, сонымен қатар жануарлық болуы мүмкін мен желатин; жануармен тестіленген, тексерілген өнім.

Мейрамдар: 1 қазан - Вегетарианшылықтың бүкiләлемдiк күнiWorld Vegetarian Day ресми сайты. 1 қараша - Вегандардың халықаралық күніWorld Vegan Day ресми сайты.

Вегетарианшылықтың түрлері + Вегетарианшылықтың әртүрлі салаларында пайдаланатын азықтардың түрлері Ет (балық пен теңіз өнімдерін қосқанда) Жұмыртқа Сүт Бал Лакто-ово-вегетарианшылықЖоқИәИәИәЛакто-вегетарианшылықЖоқЖоқИәИәОво-вегетарианшылықЖоқИәЖоқИәВеганшылықЖоқЖоқЖоқАнда-сандаVegan Action FAQ: Is Honey Vegan? Why Honey is Not Vegan What is Vegan?

Тарихы Вегетарианшылық буддизм, индуизм мен джайнизм сияқты үнді діндері дамыған мемлекеттерде мың жылдықтар бойы пайдаланылып келді. Сонымен қатар әртүрлі пәлсапалық мектептерді жақтаушылар да вегетарианшыл болды, мысалы пифагореизмшілдер. Кейбір мағлұматтар бойынша Үндістанда халықтың 20% дан 40% дейін адам вегетарианшылықты ұстанадыSurveys studying food habits of Indians include: «Diary and poultry sector growth in India» , «Indian consumer patterns» and «Agri reform in India» .. Сол себепті «вегетарианшылық» термині пайда болғанға дейін бұл емдәм «үнділік» не болмаса «пифагореизмшілдік» деп аталып келді.

Алғашқы вегетариандық қоғам 1847 жылы Англияда пайда болды. Кейбіреулердің сендірулері бойынша бұл жерде вегетарианшылық ағылшын отарлаушылары Үндістаннан әкелген буддизм мен индуизмнің ықпалынан тарады. Қазір Англия Еуропадағы вегетарианшылық емдамды жақтайтын адамдар саны бойынша бірінші орында тұрған мемлекет. Бұл елдегі халықтың 6% соғымдық астықты пайдаланбайды.

Ресейде вегетарианшылық қозғалыс XIX ғасырдың соңында басталды. 1901 жылы Санкт-Петербургте бірінші вегетариандық қоғам тіркелдіРесейдегі қазіргі вегетарианшылықтың жағдайы. Көп кешікпей революцияға дейінгі Ресейдің әртүрлі қалаларында жаңа саяси дәуірдің келісімен жабылған вегетариандық қоныстар, мектептер, бала бақшалар мен асханалар пайда болдыРесейдегі вегетарианшылықтың тарихы. Мұндағы белгілі рөлді орыс жазушысы Лев Толстойдың үлкен ықпалы ойнады. Толстойдың жұмыстарының бірі «Бірінші саты» («Первая ступень») эссесінің негізгі тақырыбы - Вегетарианшылық болып табыладыГуманитарлы экологиялық журнал. Том VI, 2. 2004 басылым . 2010 жылы Лев Толстойдың өлімінің 100 жылдығына орай «Неизвестный Толстой. Первая ступень» кітабы басылып шығарылды. «Неизвестный Толстой. Первая ступень» кітабы - осы тақырыптағы Толстойдың шығармалары мен хаттарының жинағыЛев Толстойдың өлімінің 100 жылдығына орай ВИТА «Неизвестный Толстой. Первая ступень» кітабын басып шығарады. Лев Толстойдың вегетарианшылыққа қатысты көз қарасын көркемдейтін аса ерекше пікір:

XX ғасырдың соңғы он жылдығында вегетарианшылық straight edge қозғалысының жақтасушыларының арасында қатты таралды.

Себептер Адамдардың вегетарианшылдық емдәмді ұстана бастаудың кейбір себептері төменде көрсетілген: этикалық (моральді) — жануарларға азап көрсетпеу үшін, өлтірулер мен қанаудан қашқақтау үшін; медициналық — вегетарианшылдық емдәм атеросклероз, қылтамақ, бірнеше жүрек-тамыр аурулары мен асқазан жолының ауруларының болу қатерінің алдын ала аладыPosition of the American Dietetic Association and Dietitians of Canada: Vegetarian diets; діни нанымдар (буддизм, индуизм, джайнизм, жетінші күннің адвентистеріВегетарианшылдық мадақталады, бірақ доктриналық қатынаста міндетті емес., растафарианшылдық); экономикалық — вегетарианшылдық емдәм ет азықтарын пайдалануда кететін қаржыны үнемдеуде көмегін тигізеді деген пікірге сенушілік; экологические — жануарларды асырау экологияға жаман әсерін тигізеді деген пікірге сенушілік; прочие — өсімдік адам ағзасына табиғи болып келеді деген пікірге сенушілік;

Экономикалық себептер Экономикалық түсініктен вегетарианшыл болған адамдар ет азығын пайдалану экономикалық расталмаған, оның адам денсаулығына жаман әсерін тигізеді және әлемдегі аштықпен күрес жолында аз қолданылатындай ететін етке қойылған жоғары бағалар деп көзқарасын білдіреді.

Вегетариандық тамақтану thumb|250px|Веггибургер.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Vegetarianlıq və veqanlıq

Санат:Вегетарианшылық Санат:Жануарлар құқығы