Кескентерек – Қаратал өзені алабындағы Терісаққан өзенінің оң саласы.
Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов және Кербұлақ аудандарының жерімен ағады.
Бастауы Тоқсанбай жотасының оңтүстік сілемдерінен бастау алатын Ақсу мен Есенқұл тармақтарының қосылуынан пайда болған.
Гидрологиясы Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 507 км2. Жоғарғы ағысында өзен-тау арасында тар шатқалмен ағады, жағасы тік. Орта және төменгі ағысында жағасы жайпақ. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Өзен алабы жазғы мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы өзендері Санат:Панфилов ауданы өзендері Санат:Қаратал су алабы