Кеңсу – Іле өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 43 км, су жиналатын алабы 311 км2.
Бастауы Бастауын Күнгей Алатауындағы Қорымды асуының солтүстік-батыс баурайынан алып, Талды ауылы тұсында Кеген өзеніне құяды.
Гидрологиясы Өзеннің жоғарғы ағысының жағалауы тік шатқалды, жартасты келген. Суы қарашаның аяғында қатып, наурыздың аяғында ериді. Өзен суын ауыз су ретінде пайдалануға болады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы өзендері Санат:Іле су алабы