Кендірлі – Тентексор көлінің солтүстік-шығысындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Қоржынкөл ауылынан шығысқа қарай орналасқан. Тобыл өзені алабында.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 190 м биіктікте. Аумағы 8,3 км2, ұзындығы 3,9 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 12,6 км. Маңында Матай, Кісікелді, Үлкен Мойылтау көлдері бар. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірде ериді. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Суы ащы, жазда мал суарылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Бейімбет Майлин ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы