Кемел – Қостанай облысы Қамысты ауданындағы көл. Көл Орқаш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, теңіз деңгейінен 122 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 8,7 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 14,9 км.
Жағалау сипаты Көл жағалауы жайпақ, қамыс, құрақ өскен. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Батысында жатқан Кіндікті өзенімен (батпағымен) көктемгі жауын-шашында бірігіп кетеді. Көл алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.
Санат:Қамысты ауданы көлдері