Кебенекеспе – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 41 км.

Бастауы Сарыоба тауының батыс беткейінен ағатын бұлақтар суының қосылуынан түзілген. Малдыбай тауынан шығысқа қарай 5 км жерде құмға сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Жоғарғы ағысында жағасы жарқабақты, төменгі ағысында жайпақ, құмдауытты. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Суы мал суаруға пайдаланылады.”Қазақ энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы