Заңғар – Қуаңдария өзенінің ортаңғы ағысындағы төбе.

Географиялық орны Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылының оңтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 160 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 900 м. Маңында №61, №48, Шибұлақ, Тектұрмас артезиан құдықтары бар.

Өсімдігі Құмды, қырқалы келген беткейінде сексеуіл, жусан, жүзгін, т.б. өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қармақшы ауданы таулары Санат:Төбелер