Жітіқара – Қостанай облысы Жітіқара ауданында орналасқан тау. Жітіқара қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде, Тобыл өзенінің сол аңғарында. Етегінде Подгорный ауылы бар.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 349 м. Батыстан шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр. Ені 4 км.

Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңінің төменгі бөлігі жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қара топырағында астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Етегі егін шаруашылығына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жітіқара ауданы таулары