Жіңішке – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 79 км, су жиналатын алабы 630 км2.
Бастауы Нарын жотасының оңтүстік-шығыс беткейінен басталып, Топтерек және Сарыөлең ауылдары аралығында бірнеше тармаққа бөлініп, Күршім өзеніне құяды.
Гидрологиясы Арнасы тар, шатқалмен ағады. Өзен жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 1,37 м3/с. Өзенмен ағаш ағызылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Күршім ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы