Тамыздың 24 — Григориан күнтізбесінде жылдың 236-шы күні (кібісе жылдарда 237-ші). Жылдың аяғына 129 күн қалады.

Мейрамдар , Тәуелсіздік күні

Оқиғалар 1821 — Кордов келісім шарты бойынша Испания Мексиканың тәуелсіздігін мойындады. 1968 — Францияда ядролық қарудың алғашқы сынағы өтті. 1991 — Украина өз тәуелсіздігін жариялады. 1995 — Windows 95 операциялық жүйесі шықты 2008 — Пекиндегі жазғы олимпиада ойындары аяқталды.

Дүниеге келгендер 1712 — Корнелиус Дауэс (:en:Cornelis Douwes) (1773), голланд математигі және астроном. 1865 — Фердинанд I (1927), Румыния королі (1914—1927 жж.). 1899 — Хорхе Луис Борхес (1986), Аргентина жазушысы және ақын. 1899 — Ферхат Аббас (1985), алжирлық саяси және мемлекеттік қайраткер. 1899 — Альбер Клод (1983), белгиялық-америкалық биолог, физиология және медицинадан 1974 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. 1927 — Гарри Макс Марковиц, америкалық экономист, 1990 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.

Қайтыс болғандар 1832 — Сади Карно (:en:Nicolas Léonard Sadi Carnot) (1796), француз физигі, термодинамиканың негіздеушісі. 1896 — Адольф Павински (:en:Adolf Pawinski), поляк тарихшысы, археолог және археограф 1956 — Кэндзи Мидзогути (:en:Kenji Mizoguchi) (1898), жапон режиссері, ұлттық кинематографтың классигі. 1997 — Льюис Эссен (:en:Louis Essen) (1908), британдық физик, кварц және атом сағаттарының жасаушысы.

Сыртқы сілтемелер

Санат:24 тамыз