Жыланды – Қараүңгір тауларының солтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 760 м. Дөңгелек пішінді келген таудың ұзындығы мен ені 2,5 км шамасында. Аласа келген тау беткейлері көлбеуленіп, төңірегіндегі жазық даламен ұласып кетеді.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы төменгі және орта палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, құмтас, тақтатас, т.б. тау жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Беткейлері мен етегінде бетеге, қоңырбас, қылқан, боз, т.б. шөптесіндер өскен. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары