Жосалы – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты аумақта. Ұзындығы 65 км. Ащытасты өзенінің оң саласы.
Бастауы Бастауын Арқалық қаласының солтүстігіндегі ұсақ шоқылардың бойындағы бұлақтардан алып, Көктау ауылынан батысқа қарай 1 км жерде Ащытасты өзеніне құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы ағысында жағасы жайпақ, құмдауытты, төменгі ағысында оң жағасы төбелі-қырқалы (313 м) келеді. Көктемгі қар және жер асты суларымен толығады. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Суы егін және мал суаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Арқалық қалалық әкімдігі өзендері Санат:Торғай су алабы