Жетіқара – Ерейментау тауларының солтүстігінде, Теңіз көлінің солтүстік-батысында орналасқан тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданында. Абсолюттік биіктігі 439 м. Ұзындығы 3 км, енді жері 1,5 км.
Жер бедері Оңтүстігінде Ащыкөл, Шеркөл, т.б. ұсақ көлдер орналасқан. Айналасы тасты үйінділермен қоршалған.
Географиялық орны Төменгі каледонның гранитоидтарынан түзілген.
Өсімдігі Бозғылт топырағында бетеге, сұр жусан, сонымен қатар бұталы өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары