Жерлігаз — Тобыл алабында орналасқан тұйық көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Қарабалық ауданы Назаровка ауылынан оңтүстікке қарай 5 км жерде. Теңіз деңгейінен 213 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 4,5 км2, ұзындығы 3,2 км, ені 1,8 км. Жағалау бойының ұзындығы 8,4 км.

Жағалау сипаты Батысында Жұрын, оңтүстік-шығысында Қарашасор, т.б. ұсақ көлдер кездеседі. Айдынын қамысты-қоғалы өсімдіктер жауып жатыр. Суы тұщы. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің ортасында ери бастайды. Мал суаруға пайдаланылады.

Санат:Қарабалық ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы