Жәмет – Құмжарған құмының солтүстігінде 35 км жердегі тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 320 м. Беткейі көлбеулеу келген. Көлденеңтемір және Жем өзендерінің аңғарында жатыр. Маңында Алданай-Аққұдық құдығы бар.
Өсімдігі Тау етегінде жусан, айрауық, тал, терек, еркекшөп өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Мұғалжар ауданы таулары