Жаңғыбай – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде орналасқан тау. Маныссай құрғақ арнасының батыс аңғарында.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 153 м. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 3 км-ге созылып жатыр. Енді жері 1,5 км. Беткейлері көлбеу келген. Мал жайылымына пайдаланылады.
Геологиялық құрылымы Төрттік кезеңнің төменгі жыныстарынан түзілген.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы таулары