Жақып – Тарбағатай жотасының батысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданында орналасқан тау. Ай (өзен)нің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 700 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 3 км-ге созылып жатыр.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Орта тас көмір және пермь гранитоидтарынан түзілген. Жарқабақты беткейлері қиыршықтастардан тұрады.

Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, еркек шөп және астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы таулары