Жақсыбұталы – Солтүстік Арал маңында, Үлкен Борсық құмының шығысындағы қыратты тау жұрнағы.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 345 м, ұзындығы 25 км, ені 7 – 10 км.

Жер бедері Оңтүстік мен оңтүстік-шығысы тіктеу, сай-жыралармен тілімденген. Жақсыбұталының етегінен Сабыржылға өзені бастау алады, жазда тартылып қалады.

Геологиялық құрылымы Эоцен саздарынан түзілген.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырағында жусан аралас астық тұқымдас сораң шөптесін басым өскен.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы таулары