Жайрақты – Маңғыстау тауының орта бөлігіндегі тау массиві.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 351 м.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Пермь мен триастың қатпарланған құмтас, тақтатас, әктас және конгломерат жыныстарынан түзілген. Беткейі тік немесе жарқабақты келеді. Аласа таулы қырқаларды юра мен бордың құмды-сазды жыныстары жапқан ойысты жерлер қоршап жатыр. Солтүстігінен Солтүстік Ақтау жотасы, оңтүстігінен Батыс Қаратау жотасы өтеді. Таудың оңтүстігі және батысы қатты тілімденген.

Өсімдігі Беткейлерінің етегінде тасбұйырғын, жусан, т.б. шөл өсімдіктері өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы таулары