Ахкәм (; жекеше хукм — үкім) — Ислам дініндегі шариғат заңдары. Құран Кәрімде хукм сөзі Аллаһ тағаланың бұйыруын, еркін, қалауын білдіретін сөз. Мәніне қарай Ахкам төртке бөлінеді: Мұсылмандардың қоғамдық, азаматтық тұрмыс-тіршілігіне қатысты Ахкам (қазы (сот), мұрагерлік, куәгерлер туралы қағидалар); Жеке меншік құқына қатысты Ахкам (күштеп тартып алып иелену, көршілік құқы, тауып алған заттар, өлі табиғат және оны қайта түрлету (яғни, игеру) туралы қағидалар); Қоғамға қатысты Ахкам (аң аулау және мал сою, тамақтану, ас-тағамдар туралы қағидалар); Қылмысқа қатысты Ахкам (жаза, қысастық, кісі өлімі мен зақым зардабы үшін құн төлеу туралы қағидалар). Қоғамдық тәртіпті нығайту жолында мемлекет тарапынан заңсыз істелінген іс-әрекеттер үшін қарапайым адамдар жазықты саналмайды. Оған билеуші топ қана кінәлі болып, Алла алдында жауап береді деп түсіндіріледі.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Ахкәм түрлері Уәжіп, қажет, орындалуы айтқыссыз;: парыз, рукн Мұстахаб, жасаған абзал, фадиләһ, мандуб деген аттармен белгілі Мұбах, парыз да емес, ұсынылмайды (бейтарап) Мәкруһ, ұсынылмайды Харам, күнәлі істер (жасамау парыз)

Дереккөздер

Санат:Ислам Санат:Араб дін терминдері Санат:Шариғат