Шолаққорған — ауыл, Түркістан облысы Созақ ауданының (1934 жылдан) және Шолаққорған ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде, Қаратаудың солтүстік беткейінде, далалы, шөлді мекенде орналасқан. Ауыл арқылы Шымкент-Кентау, Түркістан-Жаңатас автомобиль жолы өтеді.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен87277934 19090 240,6 3936 9745 247,6 3998 9345 233,7

Тарихы Шолаққорған — ортағасырлық қалашық. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1983 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық отряды (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеген. Қала қирандысы төрт бұрышты биіктігі 15 м-ге жуық, шығыстан батысқа қарай 160 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 60 м-ге созылған үсті тегіс төбе. Сырты саз дуалмен қоршалған. Тіршілік еткен мерзімі үстінен жиналған қыш ыдыстардың сынықтарына қарап қаланың XIII–XVI ғасырлар аралығында өмір сүргені анықталды. Өкінішке орай Қаратаудың терістігімен өтетін Керуен жолының мықты бекінісі болған қаланың үстіне қазіргі кезде үйлер салынып кеткен. 1957 жылдан қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болған. Аудан орталығы 1934 жылы Созақтан Шолаққорғанға көшірілген.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Бейресми сайты Ауа райы rp5.kz сайтында Суреттері foto-planeta.com сайтында

Санат:Созақ ауданы елді мекендері