Шерубайнұра – Қарағанды облысының Шет, Абай ауданы, Бұқар жырау аудандары аумағындағы өзен. Ұзындығы 281 км, су жиналатын алабы 15600 км2. Ендірек жері -10 м, ең терең тұсы - 1.4 м
Бастауы Сарыарқаның орталық бөлігіндегі Қызылтас тауларының батысындағы бұлақтардан басталып, Ростовка, Қызылжар, Тегісжол ауылдарының жанынан ағып өтеді. 4 км жоғарыда Нұра өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы жарлы. Өзен алабында жер бетіне шығып жатқан ежелгі тау жыныстары кездеседі. Бойында Қотыр Қызылтау, Қотыртас, Бұғылы қыратты шоқылары бар. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Сәуір айының басында суы тасиды. Мұзы 120-150 тәулік жатады. Шерубайнұраға 12 сала құяды. Негізгі салалары: Қарамыс, Талды, Тұматай, Қызылқой, Топар, Соқыр. Көп жылдық орташа су өтімі Шерубайнұра ауылы тұсында 5,04 м3/с. Өзен суы Жартас, Краснополянское, Шерубайнұра бөгендерімен реттелген. Суында торта, аққайраң, алабұға мөңке, шортан, оңғак, шаян тіршілік етеді. Алабында 14,1 мың га суармалы жер бар.Қазақ энциклопедиясы, 9 том Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Бұқар жырау ауданы өзендері Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы