Мариуполь () — Украинаның оңтүстік шығысындағы Донецк облысында орналасқан портты қала, Азов теңізінің жағасын бойлай Кальмиус және Кальчик өзендерінің сағасында орын тепкен. Тұрғыны — 486 590 адамСайт Мариупольского городского совета. Население. (1 қараша 2011).

Ұлттық құрамы: украиндер — шамамен 48 %, орыстар — 43 %, гректер — 7 %, беларустер, еврейлер, армяндар, бұлғарлар. Халықтың ең көп саны — 1992 жылы тіркеліп, шамамен 550 000 адам болды. Қаланың жер аумағы — 166,0 км².

Мариуполь 1778 жылы Павловск қаласы ретінде құрылып, 1779 жылы қазіргі атауына ие болды.

Қазіргі таңда Мариуполь — Украинаның металлургия және машинажасау орталығы, ірі саудалық теңіз порты болып табылатын экономикалық аймақ.

Дереккөздер

Санат:Донецк облысы қалалары

Санат:Украина батыр қалалары