MS Radiance of the Seas (Теңіз шұғыласы) — Американдық Royal Caribbean Cruises Ltd. компанияның меншігіндегі, 2001 ж. Германияның Папенбург қаласындағы Meyer Werft GmbH верфінде соғылған, «Radiance» класындағы алғашқы кеме. Өзінен басқа Brilliance of the Seas, Serenade of the Seas және Jewel of the Seas атты егіз сыңар кемелері бар.
Кеменің тарихы 28 сәуірде 1998 ж. Royal Caribbean Cruises Ltd. компаниясы немістің Meyer Werft кеме соғу компаниясымен келісім шартқа отырады. Екі айдан кейін зауыт нөмірі 655-ші киль төселеді. 2001 жылы 9 наурызда кеменің тапсыру салтанаты өтеді. Содан кейін Атлантиканы кесіп өтіп, 6 сәуірде Форт-Лодердейлде шоқындыру салтанаты өтеді. Өкіл анасы болып Royal Caribbean International-дың басшы мүшелерінің бірі Томас Дж. Прицкердің жұбайы Марго Л. Прицкер атанады.
Кеме Тынық мұхитының солтүстік-батыс жағын және Гавай аралдарына саяхаттайды. Кейін келе жыл сайын Аляскағада барып тұратын болды. 2011 — 2012 жылдардағы кесте бойынша Австралия және Жаңа Зеландияға круиз жасайтын болады.
Кемедегі ойын-сауықтар Жолаушыларға арналған 1056 каюта бар. Олардың бірнеше түрі бар: 240 балконсыз сыртқы каюта 577 балконды каюта жасанды жартас биіктігі 9 палубаны алып жатқан “Centrum“ променады 900 орындық «Аврора» театры "Cascades" басты мейрамхана тұмсығында тік ұшақ қонатын алаңқай орналасқан
Тағы қараңыз Brilliance of the Seas Serenade of the Seas Jewel of the Seas Алып жолаушылар лайнерлер тізімі Royal Caribbean International
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Royal Caribbean International бетінде кеменің сипаттамасы MarineTraffic-те кеменің сипаттамасы және суреті (швед тілінде)
Санат:Круизді кемелер