Афеляндра () – Acanthaceae тұқымдасына жататын бір не көп жылдық лиана тәрәздә өсімдіктер туысы. Афеляндра туысында 200-ге тарта түрі бар афеляндра тропикалық өсімдік болып саналады. Бұл өсімдіктің гүлі және сары жолақ жапырақтары өте әдемі. Бойының биіктігі 30-50 см аралығында болады. Өсуі өте жай. Көктем немесе жаз кезінде 6-8 апта аралығында гүлдейді. Сабақ басында алдымен сары түсті, ұзындығы 10-15 см-лік қауырсыны пайда болады. Гүлі осы қауырсынның ішінен өсіп шығады. Жақсы күтім көрсетілсе афеляндра 6-7 айдан соң қайталап екінші рет гүлдейді. Гүлдемеген кезінде де ала жапырақтары гүл секілді жайқалып тұрады. Жарығы: Жарықтың жақсы түскенін қалайды. Жарық мол болса, жапырағының көлемі де үлкен, гүлі де көп болады. Бірақ, тіке түскен күн сәулесінен жапырағының ұштары қоңырқай тартып, қурап кетеді. Жылуы: Ауа температурасы қыста 150С-дан төмен болмауы керек. Суғарылуы: Қыста азырақ, жазда молынан суғарады. Гүлдеген уақытта топырағының құрғамағаны абзал. Ылғалдылығы: Ауа құрғап кеткен жағдайда жапырақтары кішірейіп, түсіп қалады. Тропикалық өсімдік болғандықтан ылғалдылықты көп қажет етеді. Күніне бір рет жапырағына су бүркіп тұру керек. Қоректендірілуі: Қоректік зат жетіспеген жағдайда өсімдік гүлдемейді, өсімі жай болады. Сондықтан екі аптада бір рет гүлдейтін өсімдіктерге арналған тыңайтқышпен қоректендіру қажет. Аурулары: Жел өтінен сақтау керек. Жел өтінде қалса жапырақтарын түсіреді. Көбейтілуі: Қалемшелеу және тұқымы арқылы көбейтеді. Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Санат:Қос жарнақтылар