thumb|450px|Қысқы Олимпиада ойындарын өткізген елдер Қысқы Олимпиада ойындары — Халықаралық олимпиада комитетінің эгидасымен, 4 жылда бір рет өтетін қысқы спорт түрлерінен орасан зор халықаралық жарыстар. Ойындар 1924 жылы жазғы Ойындарға қосымша ретінде өткізлген.

Тарихы Қысқы олимпиялық ойындар, қысқы олимпиялық ойындар өткізу жөнінде көптеген әңгіме болып жүретін. Халықаралық олимпиялық комитет бұл мәселені 1922 ж. күн тәртібіне қойды.

Қысқы Олимпиада өткізу Олимпиялық ойындардың өрісін кеңейтіп, оның халықаралық деңгейдегі беделін арттыра түседі деген тоқтамға келді. Бұл шындығында солай еді. Жазғы ойындар бүкіл дүниежүзі спортшыларының достығын, ынтымағын нығайтты. Спортшы қауымның шеберлігі ұшталып, талғам, талпынысы еселене түсті. Енді егіздің сыңарындай Олимпиада жалау кетерсе, нұр үстіне нұр. Алайда, Скандинавия елдері өкілдері қысқы Олимпиядалық ойындар өткізуге қарсы болды. Бұл елде ездерінің ұлттық ойыны деп санады. Оны Олимпиялық ойындар санатына қосуға қарсылық білдіруге келді.

1924 ж. Шамони (Франция) каласында "VIII Олимпиялық (жазғы) ойындар қарсаңындағы халықаралық спорт апталығы" атты жарыс өткізілді. Бұл апталыққа Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Италия, Канада, Латвия, Норвегия, Польша, АҚШ, Финляндия, Франция, Чехославакия, Швейцария, Швеция сынды қысқы спорт ойындары дамыған Солтүстік елдердің танымал спортшылары да аталмыш жарысқа түгел дерлік келді. Спорттың 5 түрі бойынша 14 жарыс түрінде жүлделі орындар сарапқа салынды. Бағдарлама құрамына бобслей, шаңғы спорты, трамплиннен секіру, қоссайыс, мәнерлеп сырғанау спорты бойынша жарысқа түсті. thumb|left|450px|Қысқы олимпиадада жеңімпаз болған елдер картасы Алғашқы алтын медаль АҚШ спортшысы Ч. Джутроудың еншісіне тиді. Ол норвегиялық О. Ольсенмен 500 м. қашықтыққа коньки жарысы бойынша ақтық сайысқа түсіп, мәрте сызығын бірінші болып қиды. Осы спорт түрі бойынша сарапқа салынған жалпы 15 медальдың 14-ін Финляндиямен Норвегияның спортшылары қанжығасына байлады. 1500 және 5000 қашықтықта Олимпиада рекордын жаңартып, көпсайыста жеке дара жеңіске жеткен фин спортшысы К. Тунберг коньки жарысының ең үздік ойыншысы атанды. Шаңғы спортының барлық түрі бойынша жеңіс тұғырына Норвегия спортшылары көтерілді. Олар осы спорт түрі бойынша сарапқа салынған 12 медальдың біреуін гана 18 км. қашықтыққа болған сайыста қола медальдың иегері атанған фин шаңғышысы Т. Никке олжалапты. Сол кезде Әлемнің ең үздік шаңғышысы саналған Норвегиялық Т. Хауг 3 алтын және 1 қола медальға қол жеткізді. Бейресми командалық есепте Норвегия спортшылары 4 алтын, 7 күміс,7 қола, жалпы 18 медальдың иегері атанып, 122,5 ұпай жинап, айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Финляндия спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 2 қола, жалпы 9 медаль және 59,5 ұпаймен екінші, АҚШ спортшылары 1 алтын, 2 күміс, жалпы 3 медаль және 26 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Қысқы Олимпиялық ойындар, спорттың кейбір қысқы түрлерінен (1908, 1920 ж.-конькимен мәнерлеп сырғанау және 1920 ж. -шайбалы хоккей) жарыстар жазғы Олимпиялық ойындардың багдарламасына енді. ХОК (халықаралық Олимпиялық комитет 1925 ж. спорттың қысқы түрлерінен Олимпиялық ойындарды өткізу туралы шешім қабылдады. Бұдан бір жыл бұрын Шамонида (Франц.) қысқы спорт түрлерінен апталық өткен болатын. Сол апталық 1-ші қысқы Олимпиялық ойындар деп есепке алынды. 1924 жылдың 25 қаңтары мен 4 ақпан арасында өткен осы апталыққа Еуропа мен Американың 16 мемлекетінен 293 спортшы (13-і әйелдер) қатысты. Ресми емес жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 7 күміс, 7 қола медальдарға ие болып 122,5 ұпай жинаған Норвегияның құрамасы 1-ші орынға, 26 ұпаймен 2-ші АҚШ-тың құрама командалары шықты. Осы ойындарда Норвегиялық шаңғышы Т.Хауг пен фин конькишісі К.Гунерг З алтын медальдан алды.

Жылдар жылжып өткен сайын қысқы спорт түрлерінің қарқындап дамуына байланысты қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы кеңи түсті. 2010 жылына дейін өткен қысқы Олимпиялық ойындарда спорттың 19 түрінен өнер көрсетілді. Бағдарламадағы 14 негізгі спорт түрлеріне қоса қысқы спорт түрлерінің бесеуінен керсетілімдер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 1924, 1928, 1936, 1948 жылдары I, II, ІV, V қысқы Олимпиялық ойындарда шаңғы, 1948 ж. V-ойындарда қысқы бессайыстан, 1952 және 1972 ж. VІ, XI ойындарда хоккей- бендиден, 1952, 1972 ж. Vl, XI қысқы Олимпиялық ойындарда спидскингтен көрсетілімдер болды.

1994 ж. Лиллехаммерде өткен ХVІІ қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасында ең көп спорттың 12 түрі қамтылды. Ал 1998 ж. Жапонияның Нагано қаласында өткен XIX қысқы Олимпиялық ойындарда спорттың 13 түрінен жарыстар өтіп чемпиондық атақ 64 адамға берілді.

Алғашқы ойындармен салыстырғанда қазір олимпиялық бағдарламадағы қысқы спорт түрлерінің саны 2 еседей, сарапта салынатын медальдардың саны 4,5 еседей өсті. 1924-36 жылдардың арасында бағдарламаға бобслей-шаңғы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғышылар сайысы, конькимен сырғанау, конькимен мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей енсе, 1948 ж. Санкт-Морицте өткен V қысқы Олимпиялық ойындарда бағдарламаға жаңадан спорттың бес спорт түрі қосылды (4-тау шаңғысынан, 2- ерлер, 2-әйелдер арасындағы бәсеке, 1-скетлоннан).

1960 ж. Сиво-Вэллиде еткен VІІІ қысқы Олимпиялық ойындарда ерлер арасында биатлоннан, конькиде 4 қашықтықта (әйелдер арасында) медальдар сарапқа салынды. Осы уақытқа дейін коньки жарысына тек қана ерлер қатысып келген болатын. 1964 ж. Инстуркте өткен ойындарда шана спортынан бәсеке өтіп ерлер - 2, әйелдер - 1 (ерлер және әйелдер үшін - 1 орындық, тек ерлер үшін - 2 орындық) бағдарлама бойынша сынға түсті. Шана спортынан жарыс бұрын (1924 жылы ғана, ал 1928, 1948 ж. тек скетлоннан жарыс еткен болатын.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Спорт түрлері Спорт түрі Дисциплина Өткізудің басталуы Жарыстар түрлері Шаңғы жарысы Тау шаңғы спорты 1936 Супергигант, гиганттық слалом, слалом, комбинация Шаңғы жарысы 1924 Жеке спринт, командалық спринт, жекелей сөремен жарыс, масс-старт, эстафета, дуатлон Тұғырдан секіру 1924 K120 жеке біріншілік, K120 командалық біріншілік, K90 жеке біріншілік Екі сатылы шаңғы сайыс 1924 Жеке жарыстар, спринт, эстафета Фристайл 1992 Могул, шаңғы акробатикасы, ски-кросс Сноубординг 1998 Хаф-пайп, бордеркросс, параллельді слалом-гигант Биатлон 1960 Спринт, жеке жарыс, қуалау жарысы, масс-старт, эстафета Коньки спорты Мәнерлеп сырғанау 1908/1924 Жеке ерлер және әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау, жұптық мәнерлеп сырғанау, мұзда билеу Коньки спорты 1924 500 м, 1000 м, 1500 м, 3000 м, 5000 м, 10000 м, эстафета Шорт-трек 1992 500 м, 1000 м, 1500 м, эстафета Бобслей Бобслей 1924 Екі орынды боб, төрт орынды боб Скелетон 1928/48/2002 Шана спорты 1964 Жеке жарыстар, жұптық жарыстар Шайбалы хоккей 1920/1924 Кёрлинг 1924/1998

Санат:Қысқы Олимпиада ойындары

Өткізу орындары мен жылдары ОйынЖылАшылу салтанатыЖабылу салтанатыҚалаЕлЕлдер саныСпорт түрлерінің саны I192425 қантар5 ақпанШамони166 II192811 ақпан19 ақпанСанкт-Мориц254 III19324 ақпан15 ақпанЛейк-Плэсид АҚШ174 IV19366 ақпан16 ақпанГармиш Партенкирхен Үшінші рейх284 Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1940(1)1940____Саппоро Қысқы Олимпиадалық Ойындар 19441944____Кортина Д'Ампеццо V194830 қантар8 ақпанСанкт-Мориц224 VI195214 ақпан25 ақпанОсло224 VII195626 қантар5 ақпанКортина Д'Ампеццо244 VIII196018 ақпан28 ақпанСкво-Вэлли274 IX196429 қантар9 ақпанИнсбрук346 X19686 ақпан18 ақпанГренобль356 XI19723 ақпан13 ақпанСаппоро356 XII19764 ақпан15 ақпанИнсбрук3721 XIII198013 ақпан24 ақпанЛэйк-Плэсид386 XIV19848 ақпан19 ақпанСараево3923 XV198813 ақпан28 ақпанКалгари466 XVI19928 ақпан23 ақпанАльбервиль5732 XVII199412 ақпан27 ақпанЛиллехаммер616 XVIII19987 ақпан22 ақпанНагано687 XIX20028 ақпан24 ақпанСолт Лэйк Сити787 XX200610 ақпан26 ақпанТурин847 XXI201012 ақпан28 ақпанВанкувер867 XXII20147 ақпан23 ақпанСочи987 XXIII20189 ақпан25 ақпанПхёнчхан1027 XXIV20224 ақпан20 ақпанБейжің1097 XXV20266 ақпан22 ақпанКортина Д’Ампеццо1097 XXVI2030

1 Екінші дүниежүзілік соғыс үшін болмады.

Дереккөздер

Санат:Спорт жарыстары