Телеграф Стансасы – телеграф желісінің байланыс арналарын жалғауға (коммутациялауға) арналған жабдықтар кешені. Телеграф желісінің шеткі құрылғылары байланыс арнасымен тек хабар тарату кезінде ғана жалғанады. Жалғастыру қолмен – оператор-телеграфистің көмегімен немесе автоматты телеграф стансасы арқылы орындалады. Автоматты телеграф және телефон станцияларының жалғаушы жабдықтарында айтарлықтай айырмашылық жоқаласы. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том Сілтемелер

Санат:Техника