Хан Шатыр — Астана қаласында орналасқан ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы, 2010 жылы 6 шілдеде Астана күніне орай ашылған.

Сипаттамасы Хан Шатыр — әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. «Хан Шатыр» СОСО — бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.

Норман Фостердің қия­лынан шыққан сәулет ға­жайыбы – «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының ғи­ма­раты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архи­тек­ту­ра­лық жоба болып табылады. Тұ­ғыр­лы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаң­қасы фторполимермен қап­талған ұсақ тордан тұратын алып шатырдан тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер ETFE – жарықты молынан өткізе отырып, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалдардың бірі болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы — 2300 тонна, шатырдың биіктігі — 150 метр.

Хан Шатырдың ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге, ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.

Ғимараттың сәулетшісі, сәулет өнерінің шебері — Норман Фостер.

Бас мердігер Түркияның Sembol Constractoin құрылыс серіктестігі.

Қызмет көрсету аясы thumb|right|250px|Хан Шатыр - ішінің көрінісі Бұл ғажап құрылыстың салынуына барлық қала тұрғындарымен қатар, әлемнің барлық жетекші сауда компанияларының өкілдері де тағатсыздықпен зор қызығушылық танытты. Тиімді жалға беру, бутиктер мен дүкендерді орналастыру шеберлігі жіті ойластырылғандықтан, сауда орындарында дүние жүзіне танымал бренділердің барынша кең көрініс тапқан «Хан Шатыр» орталығында Қазақстанда тұңғыш рет әлемге әйгілі Debenhams сауда желісінің әмбебап дүкені ашылды. Бұл компания 120 жылдан бері жаһандық сауда айналымында өзінің нәтижелі бизнесін сәтті жүргізіп келеді. Осы компания өнімдері сатылатын сауда орталығының көлемі 3 мың шаршы метрді құрап отыр. Сол сияқты мұнда Mudo Concept бренділерін сататын 1500 шаршы метр аумақта сауда орталығы ашылған. Бұл компания астаналықтарға қонақ үйлердің, мейрамханалардың, дәмханалардың және барлардың барлық қажетті бұйымдары мен техникаларын ұсынып келеді.

Бүкіл сауда алаңы 6 000 шаршы метрден асатын «Хан Шатыр» сауда орталығы Астанадағы ең үлкен гипермаркетке айналған.

Сауда алаңдарынан басқа «Хан Шатыр» орталығында «RIXOS SPA» фитнес және СПА орталықтары жұмыс істеуде. Ғимараттың әрбір қабатында мейрамханалар мен дәмханалар бар. Оларда дүние жүзі асханаларының тәжірибелі аспаздары астаналықтар үшін тіл үйіретін дәмді ас дайындап, ұсынып келеді. Ал алтыншы қабатта жүзу бассейні, аквапарк және [әмбебап, жабық жағажай орын алған. Осының нәтижесінде бұл орталыққа келіп демалушылар құс жолы биіктігінен Астананың көрікті келбетін тамашалай алуға мүмкіндік алып отыр.

«Хан Шатыр» орталығында бірнеше кинотеатрлар көрермендер үшін дүниежүзіне кеңінен танымал «Chaplin Cinema» компаниясы әлемде шыққан соңғы жаңа фильмдерді ұсынып келеді. Бұл құрылыс ғимараты орналасқан алаңда ғажайып шатырмен қатар Астанада баламасы жоқ 38 метр биіктіктегі мұнара орналасқан. Сонымен бірге мұнда саяхат жасайтын монорельсті темір жол, 7 және 4 метр биіктіктегі кедергілері бар суда жүзу орталықтары бар.

Ойын-сауық орталықтары Fame City ойын-сауық орталығы Fame City ойын-сауық орталығы балаларға ғана емес, ересектерге де арналған 100-ден аса түрі бар ойындарын тамашалауға шақырады.

Fame City өзінің алуан түрлі қызықтыратын ойындарымен, ойын-сауық түрлерімен келген отбасылар үшін ұмытылмас әсер қалдырады. Келушілер ойын-сауықтың алуан түрін тамашалап, үрейлі үңгіртаудан пойызбен темір жолмен өтіп, «Алтын шахта» ойыны ұмытылмас бір сезімде қалдырады.

Mini City Mini City, Fame City де орналасқан Мини қалашық. Ата-аналар ХанШатыр СОСО да сауда жасаған уақытында балаларды түрлі үйірмелермен, кәсіптік оқуға шабыттандырады.

Су Аттракционы Су Аттракционы - су каналдары және ағаш қайықтары бар, көтерілімі 4 м, құламасы 7 м, жан-жағы ағашпен және көрікті өсімдіктермен қоршалған аттракцион.

Құлау Мұнарасы Астана қаласындағы өзінің түрі бойынша ең биік аттракцион, биіктігі 38 метр қызықтыратын ойын түрі еркін құлау сезімін сезінгілері келетіндер үшін арналған. Аттракцион Хан Шатырдың негізгі кіре беріс есігіне қарсы орналасқан. Құрылғы Италиядан әкелінген, өзінің алдын-алу және жылыту жүйесімен жабдықталған. Бір уақытта 12 адамға дейін сыйдыра алады.

Моно Рельс thumb|right|150px|Моно Рельс Моно Рельс аттракционы созыңқылығы 500 м, Хан Шатырдың барлық периметрі бойынша өтеді. Биіктігі 25 м жерден барлық тамаша көріністі паш еткендей. 4 үңгіртаудан өтеді. Үңгіртаулар жарық пен анимацияға толы.

Әлемдік брендтер thumb|right|220px|Lacoste дүкені Хан Шатыр СОСО-да 50 ден астам әлем брендтері орналасқан. Соның ішінде: Adidas Zara Lacoste FLO NewYorker Bershka GAP The Timberland Company Reebok Swarovski Mexx Levi Strauss & Co. (Levi's) KFC Burger King COLIN’S Де-Факто

Тамақтану аймағы

KFC нобай|оңға|200px|KFC фаст-фуд мейрамханасы KFC фаст-фуд мейрамханалардың манында 4-қабатта орналасқан. KFC – АҚШ, Кентукки штаты, Луисвиллада құрылған фаст-фуд мейрамханалардың желісі. Бұл жерде негізінде тауық еті, рап, сэндвич, салат ұсынады. Бірақ негізгі тағам болып – қуырылған тауық болып саналады.

Krusty Krabs Krusty Krabs фаст-фуд мейрамханалардың манында 4-қабатта орналасқан. Krusty Krubs-та алуан түрлі тағамдарды, және де балаларға арналған ас мәзір бойынша тағам таңдауға болады.

Turka Turka – белсенді адамдар табысатын орын. Сонымен қатар, осы жерде донер, лахмаджун, пахлаваны да табуға болады. Мексикан және итальян асханасын ұнататындар, осы жерде нағыз спагетти және бурито таба алады.

Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығындағы қызмет атқаратын ірі компаниялар

SSS — Security and Safety Service Хан-Шатырдағы күзет мекемесі. Хан-Шатырды бақылау, қорғау, табу, қонақтардың жайлылығы үшін барынша қорғау күзет органы. Қәзіргі уақытта 50 ге жуық күзет жұмыс істеуде

White Cleaning WHITE CLEANİNG - Тазалау және Тазалық компаниясы. 60 ға жуық Персоналдардан тұратын ірі компания. Хан-Шатырды толығымен тазалықпен қамтамасыз етеді. «White Cleaning» 2018 жылдың каңтар айынан ашылған болып, қәзіргі уақытқа дейін өз қызметін көрсетіп келеді.

Technic TECHNIC (Техник)- Сауда орталықты техникалық жұмыстармен қамтамасыз етеді.

Reception RECEPTION - Сауда орталықтағы маңызды деректерді, сіз білмеген бутик пен дүкендерді сұрауға болады. Сондай-ақ Reception арқылы хабарлама беруге, жоғалған затты сол жерден алуға, авто-тұрақ уақыты біткені тұралы біле аласыздар.

Сыртқы сілтемелер

Хан Шатыр Skyscrapercity.com сайтында Фостер энд Пратнерс Megastructures: World's Biggest Tent

Санат:Астана ғимараттары мен құрылыстары