Дағыстан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы, Дағыстан АКСР (орыс: Дагестанская Автономная Советская Социалистическая Республика, Дагестанская АССР) — кеңестік автономиялық республика, РКФСР-дің құрамына кіреді. 1921 ж. 20 қаңтарда құрылған.
Жері – 50,3 мың км².
Халқы – 1,457 мың (1971).
Әкімшілік жағынан 39 ауданға бөлінеді. 8 қаласы, 14 қ.т. поселкесі бар.
Астанасы – Махачқала.“Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІІІ том
Табиғаты Дағыстан Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде. Шығысында Каспий теңізімен шектеседі. Жер бедеріне қарай Дағыстан 4-ке бөлінедіГиммельрейх В.А., География Дагестанской АССР, 2 изд., Махачкала, 1967. ойпатты бөлігі (Терек-Кума, Терек-Сулак және Теңіз жағасы ойпаттары); тау алды (солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бағытқа созылып жатқан жоталар); ішкі таулы Дағыстан (Арактау, Гуниб, Хунзах үстірттері және Салатау, Гимрин жоталары); биік таулы Дағыстан (Үлкен Кавказдың Бас жотасының солтүстік беткейі ен Бүйір жотасы). Дағыстанның ең биік жері – Базардюзю тауы, 4466 м.
Өнеркәсіптік маңызы бар пайдалы қазындылары – мұнай, табиғи газ, там көмір, күкірт, 200-ден астам минералды бұлақ бар. Дағыстанның климаты жылы, қуан. Қаңтардың орташа температурасы 2°С-тан - 3°С-қа дейін, таулы аймақта -11°С-қа жетеді, шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері ойпатта 200-300 мм, тауда 600-800 мм. Басты өзендері: Терек, Сулак және оның салалары Аварқойсу, Андқойсу, Қарақойсу; 100-ден астам шағын көлдері бар. Дағыстанның жазық жерлері мен тау етектері қызыл қоңыр топырақты, таулы өңірінікі тау орманының шалғын топырағы. 500-600 м-ден жоғары деңгейде орман өседі. 1500-1600 м биіктіктегі субальпілік және альпілік шалғындар – жазғы мал жайылымы, Дағыстанның биік таулы бөлігінде дағыстан туры, елік, қоңыр аю т.б. аңдар кездеседі.
Халқы Дағыстанда авар, орыс, дарғын, құмық, лезгин, азербайжан, еврей т.б. тұрады. Халықтың орташа тығыздылығы 1 км²-ге 29 адамнан келеді; 36%-і қала тұрғындары. Басты қалалары (1971 ж., мың адам есебімен): Махачкала (193), Дербент (59), Хасавъюрт (56).
Тарихы Палеолит Дағыстан жері адам дәуірінде игерді. Неолит дәуірінде Дағыстандағы тайпалар кетпенді егіншілік пен мал шаруашылығына көшті. Энеолит дәурінде (б.з.б. 3-мың жылдық) егіншілікпен мал шаруашылығы ілгері дами түсті. Бұл дәуірде мыс кені өндіріліп, балқытылды; қола дәуірінде рулық құрылыс ыдырай бастады. Леги, гел, утин т.б. тайпалар өзара одақ құру жолына түсті. Б.з.б 1-мың жылдықтың аяқ шенінде Дағыстан халқы Албанияның (Кавказдағы) құрамына кірді. Ол кезде бұл ірі мемлекет бірлестік болғанды. Б.з.б. ІІІ ғасырында Оңтүстік Дағыстанды Дербентке дейін Сасан әулеті, ал 4 ғасырда Дербенттен солтүстікк қарайғы жағалауды ғұндар басып алды. V ғасырда Дағыстанда албан алфавиті тарады. 6-10 ғасырда алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, феодал қатынастар қалыптаса бастады. 7 ғасырда Дағыстанның жазықтағы бөлігі Хазар қағандығының құрамына кірді. Барлық басқа бөлігінде ертедегі феодал саяси бірлестіктер өмір сүрді. Дағыстан жерін аварлар, дағындар, лактар, лезгиндер мекендеді. Арабтардың отарлауы феодализмнің дамуын онан әрі тездетті. 664 жылдан бастап Дағыстан арабтардың шапқыншылығына ұшырады да, VIII ғасырдың 1-жартысында түгел бағынды. Олар жеңілген халыққа ауыр салықтар салып, Дағыстанға ислам дінін зорлап енгізеді. Дағыстан халқы басқыншыларға күшті қарсылық көрсетті. XI ғасырдың ортасында салжұқтар Дағыстанның көп жерін басып алды. XIII ғасырдың 20 жылдарында Дағындар моңғол шапқыншылығына ұшырап, жұрдай тоналды. XIV ғасырда Дағыстанға Өзбектің, Тоқтамыс пен Темірдің әскері басып кірді. Бір орталыққа бағынған орыс мемлекеті құрылып, күшеюіне байланысты (XVI ғасырдың ортасы) Дағыстан Ресеймен берік байланыс орната бастады. Солтүстік Дағыстанда Терки атты орыс қаласы пайда болды; Дағыстанның Закавказьемен және Солтүстік Кавказбен экономикалық байланысы дами түсті. Феодализм бытыраңқылық пен өзара ала ауыздық, түрік және ирн басқыншылықтарының шабуылдары Дағыстанда патриархтық-феодализм қатынастардың ұзақ сақталуына себепші болды. Бұл жағдайда Дағыстан Ресейден жердем күтті. XVII ғасырдың 1 жартысында Тарков шамхалдығы, Кайтаг уцмийлігі т.б. Ресейдің қол астына өтті. 1722 жылы Петр І теңіз маңындағы Дағыстанды Ресейге қосып алды, бірақ кейіннен Ресей бұл жерлерді Иранға берді. Гүлстан бітім шарты (1813) бойынша Дағыстанның Ресейге қосылуы заң жүзінде бекітілді; мұның өзі Дағыстан халықтарын шетел шапқыншылығынан мықтап қорғады, саяси батыраңқылықты жоюға жағдай жасады, тау халқының орыс әдебиеті мен мәдениеті араласуына мүмкіндік берді. Алайда, патша өкіметінің отаршылық саясаты тау еңбекшілері арасында стихиялық қимыл туғызды. XIX ғасырдың 30 жылдары тау халқының отаршыларға қарсы қозғалысы басталды, ол муридизм ұранын көтерді. Қозғалысты Дағыстан мен Чечня имамдары деп жарияланған Гази-Магомед (1828-1832), Гамзат бек (1832-1834), Шамиль (1834-1859) басқарды. XІX ғасырдың 40 жылдардың басында әскери-теократиялық имамдық мемлекет Дағыстан мен Чечняның едәуір бөлігін өзіне қосып алды. Бірақ имамдықтың бұл табыстары баянды болмады; оның өз ішінде таптық қайшылықтар шиеленісе түсті. Мұның өзі 50 жылдары халық бұқарасының қозғалыстан бойын аулаққа салуына әкеліп соқтырды. 1860 жылы Дағыстан облысы құрылып, әскери басқарма – отарлық жағдайға бейімделген бюрократтық аппарат енгізілді.
XIX ғасырдың орта шенінде, әсіресе 90 жылдары Владикавказ темір жолы салынып, Дағыстан Ресейдің орталығымен, Бакумен және Грозныймен жалғасқаннан кейін, бұл өлке капитал даму жолына түсті. Ағаш өңдеу, мұнай айыру зауадтары, арқан есу, қағаз иіру фабрикалары, баспахана т.б. кәсіпорындары салынды. 20 ғасырдың басында негізінен қолөнер кәсібіне бейімделген 70 шақты кәсіпорын болды. Жұмысшы табы қалыптасты: 1897 жылы Дағыстанда 1300-1400 жұмысшы, 1905 ж. 9500 өнәркәсіп жұмысшылары болды. Петровск-Порттың (1922 жылдан Махачкала), Дербенттің, Темір-Хан-Шураның (1922 жылдан Буйнакск) т.б. қалалардың халқы өсті. Ауыл шаруашылығында да өзгерістер болды. Ірі капитал шаруашылықтар құрылды. Дағыстанға қоныс аударған орыс шаруалары егіншілік мәдениетін жоғары сатыға көтерді, Дағыстанда бұрын болмаған бірсыпыра ауыл шаруашылық дақылдары егіле бастады.
Орыс революция қозғалысының ықпалымен 1904-1905 жылдар РСДЖП-нің алғашқы топтары ұйымдасты. 1905 ж. ақпанда, наурызда, қазанда темір жол мен порт жұмысшылары, тоқымашылар т.б. ереуіл жасады. 1910 ж. және 1911 ж. күзде, 1912 ж. қыста, 1914 ж. көктемде Дағыстанда жұмысшалырының большевиктер бастаған қимылдары болып өтті. 1917 ж. 7 (20) қараша жұмысшы және әскери депутаттардың Петровск Советінің мәжілісінде Совет өкіметін тану туралы қарар қабылданды. Бірақта контрреволюцияшыл күштер герман-түрік, ағылшын интервенттерінен, Деникиннің ақ гвардияшыл әскерлерінен жәрдем алып, 1918 ж. күзде Дағыстанда Совет өкіметін құлатты. Большевиктер У.Д.Буйнакскийдің, М.Дахадаевтың, А.И.Микоянның т.б. басшылығымен Дағыстанда партизан қозғалысы кеңінен өрістеді. 1920 жылы көктемде Қызыл Армия бөлімдері Дағыстанға көмекке барып, Совет өкіметі қалпына келтірілді. 1920 ж. 13 қарашада Дағыстан халықтарының Төтенше съезіне Дағыстан Совет автономияын құру туралы шешім қабылданды. 1921 ж. 20 қаңтарда РКФСР Бүкіл ресейлік Орталық Атқару Комитетінің (БОАК) декреті бойынша Дағыстан АССР-і құрылып, ол РКФСР құрамына енді. Сөйтіп, бұл өлкенің шаруашылық жағынан қайта өркендеу дәуірі басталды. 1920-1923 жылдары республикаға 200 млн сом қаржы берілді. 1926 жылға дейін Дағыстан өнеркәсбінің жалпы өнімі 1913 жылғыдан 21,5% асып түсті. Социалистік құрылыс жылдарындаДағыстан экономикасы толық қайта құрылды. Ондаған ірі және орта дәрежелі көсіпорындар, электрстанциялар салынды, мұнай кәсіпшіліктері. көмір шахталары пайда болды. Соғыстан бұрынғы бесжылдықтарды осы заманғы ірі өнеркәсіп жасалды. Көп салалы, колхоз-совхозда ауыл шаруашылығы қалыптасты. 1940 жылдың басында шаруалар шаруашылықтарының 98,5%-і коллективтендірілді. 1923 ж. Октябрю революциясы атындағы каналды салу (1921-1923) кезіндегі еңбектегі табыстары үшін РКФСР-дің Дағыстан АССР-і Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. Дағыстанда мәдени революция өрістеді, сауатсыздық жойылды, жұмысшы табы мен халықтық интеллигенцияның ұлттық кадрлары өсіп-жетілді. Дағыстан әдебиеті мен өнері де едәуір дамыды. 1937 ж. 12 маусымда Дағыстан Советтерінің Төтенше 11-съезі Дағыстан Конституциясын бекітті.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Дағыстан еңбекшілері майдан мен тылда ерліктің талй үлгілерін көрсетті. 47 дағыстандық совет одағының Батыры атағына ие болды, 25 мыңнан астам жауынгер әскери ордендермен және медальдармен наградталды. Соғыстан кейінгі жылдары Дағыстан экономикасы мен мәдениеті тез өркендеп келеді. 1967 жылдың басында өанеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылғымен салыстарғанда 7,2 есе өсті. 1965 жылы 9 қарашада экономика мен мәдениетті дамытуда қол жеткен жетістіктері үшін және Дағыстан автономиясының 45 жылдығы құрметіне республика Ленин орденімен марапатталды. Тауда тұратын халықты жазық жерлерге көшіру Дағыстан партия ұйымдары жүргізген аса маңызды әлеуметтік-экономикалық шара болды. Барлығы 130 мың адам қоныс ауыстырып, оларға мәдени-ағарту және медициналық мекемелері бар жайлы поселкелер салынып берілді. Республиканың құрылғанына 50 жыл толуына байланысты және коммунистік құрылыстағы табыстары үшін 1971 жылы 19 қаңтарда Дағыстан АССР-і Октябрь Революциясы орденімен марапатталды. Халық шаруашылығы. Совет өкіметі тұсында Дағыстан өнеркәсібі дамыған және көп салалы ауыл шаруашылығы бар республикаға айналды. Оның қазіргі шығаратын жалпы өнімінің 2/3-ін өнеркәсіп береді.
Өнеркәсібі Өнеркәсіптің басты салалары – мұнай және газ өндіру, машина жасау, құрылыс материалдары мен тамақ өнімдерін шығару. 1940-1970 ж. мұнай өндіру 13,7 есе, газ 55,7 есе артты. Ірі мұнай және газ кәсіпшіліктері – Махачкала, Избербаш, Дзулак қалалары атырабында орналасқан. Терек Кума ойпатында жаңа кен орындары ашылды. 1958-1970 ж. машина жасау, металл өңдеу өнеркәсбінің өнімі 7,2 есе артты, металл жонатын станок, дизель, электротехника жабдықтар жасайтын кәсіпорындар Махачкала, Избербаш, Дербент, Кизилъюрт қалаларында шоғырланған. Құрылыс материалдар өнеркәсіп негізінен Дербент пен Махачкалаға орналасқан. Өнерскәсіптің жалпы өнімнің ½-ін тамақ өндірісі (шарап жасау, балық жасау және жеміс-жідек консервілеу) береді; оның орталықтары – Кизляр, Дербент, Буйнакск, Хасавъюрт қалалары.
Ауылшаруашылығының басты салалары – дәнді дақылдар, жүзім, жеміс егу, етті-жүнді қой өсіру. 1971 жылы республикада 167 совхоз, 376 колхоз болды. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын 2954 мың га (1970) жердің 489 мыңы егістік, 100 мыңы бау-жүзімдік. 1970 жылы Дағыстанда 355 мың тонна дәнді дақылдар өнімі, 98 мың тонна овощ, 81 мың тонна жеміс, 184 мың тонна жүзім жиналды. 1971 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 674, қой мен ешкі 3064, шошқа 38.
Транспорты Темір жолының жалпы ұзындығы 435 км (1970). Басты жолдары: Гудермес – Махачкала – Баку, Червлённая – Кизляр – Астрахань. Ірі теңіз порты – Махачкала. Автомобиль жолының ұзындығы 8,4 мың км, оның 4,6 мыңы тас жол. Махачкала – Грозный, Избербаш – Махачкала мұнай және Махачкала – Дербент газ құбырлары тартылған.
Денсаулық сақтау ісі 1971 жылы 1 қаңтарда Дағыстанда 11,6 мың төсектік 182 аурухана жұмыс істеді. Амбулатория-поликлиникалық көмекті 211 дәрігерлік мекемелер атқарды. Қазір 2,9 мың дәрігер (489 тұрғынға 1 дәрігер) және 9 мыңдай орта дәрежелі медициналық қызметкерлері жұмыс істейді. Дағыстанда 9 санаторий мен демалыс үйлері, 100-ден астам минералды бұлақтар бар. Талги, Махачкала, Рычалсу, Гуниб, Буйнакск, Каякент сияқты атақты куратторы мен емдеу орындары бар.