Талғар шыңы () — Қазақстанда, Алматы облысында орналасқан. Орташа биіктігі – 4973 метр. Максималды биіктігі – 5017 метрге жетеді.
Географиялық орны thumb|right|200px|Талғар шыңы (Алматы қаласының оңтүстік-батыс жағынан көрінісі). Талғар шыңы Солтүстік Тәңір тауларының Іле Алатауы тізбегінде, Алматы қорығында орналасқан, оның Алматы қаласынан байқауға болады. Жыл бойы шыңда қар мен мұздықтар еріп болмайды. Алғашқы рет 1938 жылы Сталинск (қазіргі Новокузнецк) қаласының альпинистері Л. Кутухтин, Макатров, И. Кропотовтар осы шыңға шыққан.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Mountain.ru метериалдар Шыңына шығу Есік қаласынан көретін шыңы
Санат:Қазақстан шыңдары Санат:Іле Алатауы