thumb|right|150px|Сырмақ — киізден жасалып өрнектелетін төсеніш. Сырмақ () — киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Атауы «Сырмақ» атауы оны дайындау әдісінен алынған. Қазақта «сыру» деген сөз арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі, жиі етіп бастырып тігу дегенді білдіреді.
Тарихы Алғашқы сырмақ пішінінің қалыптасуына қазақ елінің ежелгі тұрмысында кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған. Мысалы, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған.
Киіз үйдің негізгі бөлшектерінің бірі боп табылады.
Тоқу технологиясы Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалады.
Сырып тігудің тәсілдері Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар: қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұларды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады. Сырмақ бес түрлі бөліктен, яғни екі басы, екі жаны және орта деп аталатын бөліктерден тұрады. Әдетте сырмақ жасауға арналған киізді қойдың күзде қырқыған күзем жүнінен басқан.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 302-бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014. ISBN 978-601-7299-18-7
Тағы қараңыз Тұс киіз Киіз үй «Сырмақ қып астына»
Кітаптар
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мәдениеті Санат:Киіз кілемдері Санат:Тұрмыстық бұйымдар